Образование и трудовой стаж / Білімі және еңбек өтілі:
- Образование / Білімі: Высшее
- Трудовой стаж / Еңбек өтілі: 17 лет
Программа/план кандидата / Үміткердің бағдарламасы/жоспары:
- Программа/план кандидата / Үміткердің бағдарламасы/жоспары:
Мен «Жуалы сүт өнімдері» ЖШС компаниясының директоры ретінде Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына көмектесу үшін Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткер болуға шешім қабылдадым. Мен үшін аса маңызды міндет — халқымыздың тұрмыс сапасы мен деңгейін жақсарту. Табысты арттыруға, халықтың денсаулығын жақсартуға және оның білім деңгейін арттыруға назар аударған жөн. Өткен жылы пандемияға байланысты бизнес нысандарының көп бөлігі шығынға ұшырады, олардың арасында өз қызметін тоқтатқандар да бар. Осыған байланысты жұмыссыздықтың өсуі байқалады, бизнесмендердің өз қызметкерлері алдында жалақы бойынша үлкен берешегі, бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша қарыздары бар. Еліміздің гүлденуі үшін әрбір кәсіпкерлік субъектісі өз үлесін қосуы керек. Өңірлік палата мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзара іс-қимылы өткір мәселелерді реттеуге және бизнес-міндеттерді шешуді шағын және орта буын кәсіпкерлері үшін жеңіл әрі ыңғайлы етуге қабілетті. Өңірдегі бизнес проблемаларын шешу жөніндегі жоспарды әзірлеу үлкен дайындық пен жауапкершілікті талап етеді. Сонымен қатар бізде мәселелерін шешуге мүмкіндік ашылды. Егер маған өңірлік кеңестің мүшелігіне қабылдану мәртебесі берілсе, өңірлік кеңестің мүшесі ретінде кәсіпкерлердің мүдделерін қорғайтын, шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсететін, өңірлік кеңестің жұмысына заңды және адал қатысатын боламын-
Проблематика отрасли, пути решения проблем и предложения по развитию отрасли / Өнеркәсіп мәселелері, проблемаларды шешу және саланы дамыту бойынша ұсыныстар:
Мен шағын және орта бизнесті қолдау үшін келесі шараларын ұсынамын:
- Жұмыс персоналын жұмыспен қамтамасыз етіге және тапсырыстар көлемінсақтауға жеңілдетілген пайызбен несие беру.
- Жалақыдан есептелетін және ұсталатын салықтарды төлеуден босату.
- Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді қолдау.
- Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі.
- История бизнеса, достижения / Бизнес тарихы, жетістіктері:
«Жуалы сүт өнімдері» ЖШС компаниясы 2017 жылдың 1 маусымында құрылды. Компания облыс пен ҚР халқын табиғи және сапалы өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында сүт өнімдерін өндіреді, атап айтқанда ірімшік пен сары май өндірумен айналысады. 5 жыл бойы Қазақстан нарығында сүт өнімдерін өндіру бойынша өз қызметін жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда біздің компанияда 15 жұмысшы жұмыс жасайды. Орташа еңбек ақысы 80 мың тг. Және де өзіміздің өндірілген өнімдерімізді сататын дүкеніміз бар. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Шығарылатын өнім түрлерін кеңейтуді және ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Бұл халық үшін қосымша жұмыс орындары құрылатынын білдіреді. «Жуалы сүт өнімдері» ЖШС Қазақстанның дамуына өз үлесін қосатын үлгілі компания болып табылады.
Құрметті сайлаушылар!
Мен үшін бизнестің мүдделерін білдіру үлкен жауапкершілік болып табылады. Мен біздің өңірдің шағын және орта бизнесінің дамуына ықпал ететін боламын. Егер сіз маған үлкен сенім білдірсеңіз, менің бағдарламам сіз айтқан ұсыныстарды ескере отырып толықтырылады. Мен Отанымыздың тағдырына ұйымшыл және немқұрайлы бола отырып, біз осы мақсаттарға қол жеткіземіз деп сенемін.