РЫСЫМБЕТОВ ПЕРНЕБАЙ РЫСБАЕВИЧ

ФИОРЫСЫМБЕТОВ ПЕРНЕБАЙ РЫСБАЕВИЧ
ОрганизацияТОО "НҰРА ТРАНСС СЕРВИС"
ДолжностьГенеральный директор
ОтрасльТранспорт и складирование
РегионЖамбылская область

Образование и трудовой стаж / Білімі және еңбек өтілі:

  • Образование / Білімі: Высшее
  • Трудовой стаж / Еңбек өтілі: 30 лет

Программа/план кандидата / Үміткердің бағдарламасы/жоспары:

-/ Үміткердіңбағдарламасы/жоспары Программа/план кандидата:

Ел қамын ойлаған кәсіпкерлер үшін міндет – қоғамның алға ілгерілеп, жаңа жетістіктерге жетуіне, ел халқының өмір сүру деңгейінің артуына жағдай жасау, жас ұрпаққа, балаларымыз бен немерелерімізге жаңа мүмкіндіктер ашу болып табылады.

Осындай маңызды кезеңде Жамбыл облысы Кәсіпкелік кеңесіне кандидат болу мен үшін үлкен жауапкершілік деп білемін.


-Өнеркәсіпмәселелері, проблемаларды шешу және саланы дамыту бойынша ұсыныстар /Проблематика отрасли, пути решения проблем и предложения по развитию отрасли:

Алдағы сайлауда, сайланған жағдайда, округ аумағында кәсіпкерлердің көкейтесті мәселелерін назарға ұстап, оның оң шешілуіне ықпал ететін боламын. Мақсаттарға жету жолында төмендегі шараларды жүзеге асыруға бар күшімді саламын:

1. Жалпы жұмыссыздықты азайту мәселелеріне көңіл бөле отырып, кәсіпкерлерді қолдап, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал жасаймын.

2. Халықтың осал топтарына жататын азаматтарына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, аз қамтамасыз етілген отбасыларының ішіндегі еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартамын;

3. Жұмыссыздарды тек жұмысқа орналастырмай, оларды кәсіпкерлік ашуға тарту керек, тегін кәсіпкерлік бағытында оқыту керек, сонда ғана жұмыссыздықтың жойлуына маңызды септік болады.

4. Сонымен қатар, мен өзімнің депутаттық мандатымды пайдалана отырып, өндірістік мекемелердің жұмыссыздарды жұмысқа қабылдауын, оларды тегін тиісті мамандықтар бойынша оқытып өнеркәсіптегі және ауылшаруашылығы саласындағы тапшы мамандардың орнын толтырып өндірістердің жүз пайыз жұмыс жасауының шешімін табатын боламыз.

5. Жастарды кәсіпкерлікке тарту, ынталандыру және жастар арасында кәсіпкерлік қызметті насихаттап, кәсіпкерлік рухты қалыптастыруға барынша көмек көрсету және жас кәсіпкерлердің өз кәсібін ашуына жан-жақты қолдау көрсетемін.

6. Тұрғындардың егін, мал шаруашылығымен айналысуына мүнкіндік беретін шараларды ұйымдастыра отырып, ауыл шаруашылығының дамуына қолдау көрсетемін;

- Бизнес тарихы, жетістіктері /История бизнеса, достижения:

Рысымбетов Пернебай Рысбаевич 1966 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында туылған. Ұлты-қазақ, білімі жоғары.

Еңбек жолын 1993 жылдан жеке кәсіпкер болып бастап, техникалық жөндеу орталықтарының басшысы, автобекет басшысы, «Нұра Транс Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы жұмысын атқаруда.

Мойынқұм ауданындағы тозығы жеткен автобекетті қалпына келтіріп, аудан бойынша көлік тасымалдау қызметін жүзеге асырып, аудан орталығынан шалғай жатқан елді мекендердегі халықтың қатынау көлік қозғалысына зор ықпал етуде,ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына орасан үлес қосып, қайырылымдық іс-шараларға белсене ат салысып отырады.

Мойынқұм аудандық «Нұр-Отан» бастауыш партиясының төрағасы.

2013-2019 жылдары Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының Мойынқұм ауданындағы филиалының директоры қызметін атқарған.

Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен наградталған және наградталған уақыты: 2015 жылы ҚР президентінің алғыс хатымен марапатталған.

2015 жылы Қазақстан Республикасы Инвистициялар және даму министрлігінің Үздік автокөлікші төсбелгісімен және 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл мерекелік медалімен марапатталған.

2018 жылдан Мойынқұм ауданы мәслихатының депутаты.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен 2018 жылы марапатталған.

Құрметті сайлаушылар!

Алдағы уақытта сіздер менің кандидатурамды қолдасаныздар, жоғарыда аталған мәселелерді орындау мақсатында өз білімім мен жинақтаған тәжірибемді және күш жігерімді халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруымен кәсіпкерліктің дауына жұмсаймын.