ПІРМАНОВ РАШИД САНТӨРЕҰЛЫ

ФИОПІРМАНОВ РАШИД САНТӨРЕҰЛЫ
ОрганизацияТОО "АУЛИЕАТАТРАНСПАСС"
ДолжностьДиректор
ОтрасльТранспорт и складирование
РегионЖамбылская область

Образование и трудовой стаж / Білімі және еңбек өтілі:

  • Образование / Білімі:Высшее
  • Трудовой стаж / Еңбек өтілі: 16 лет

Программа/план кандидата / Үміткердің бағдарламасы/жоспары:

  • Программа кандидата: Үміткердің бағдарламасы/жоспары: - Өңірлік кеңес мүшелігіне кандидат ретінде шығу туралы шешім қабылдай отырып, мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін барлық күш-жігерімді жұмсауға ниеттімін. Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінің экономикалық дамуының негізгі мақсаты халықтың өмірі мен денсаулығының сапасын жақсарту болып табылады. Ең маңызды құрамдас бөліктер: кірісті арттыру, халықтың денсаулығын жақсарту және оның білім деңгейін арттыру. Қоғамдық көлік дегеніміз халыққа жағдай жасау, алдағы уақытта жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында жергілікті билікпен біріге отырып сыйымдылығы үлкен жайлы автокөліктер сатып алу жоспарлануда. Отандық өнімді қолдау арқылы отандық автобустармен қаламызды жабдықтау. Қоғамдық көлік халықпен тығыз байланысты болғандықтан мүмкіншілігі шектеулі жандарға жағдай жасау мақсатында пандуспен жабдықтау керектігін ұйымдастыру. Қазақстанның әр азаматы, әр жолаушысы қоғамдық көлікке мінген кезде өз қауіпсіздігін сезіну керек. Қоғамдық көлік қаламыздың көркін, сәнін келтіретінін білеміз. Қоғамдық көлік саласының халық үшін сапа деңгейі мен мәдениетін жақсарту. Кәсіпкерлер палатасы кеңесінің өңірлердегі бизнес мәселелерін шешуде табысқа жетудің барлық мүмкіндігі бар. Егер маған өңірлік кеңестің мүшелігіне қабылдану мәртебесі берілсе, өңірлік кеңестің мүшесі ретінде кәсіпкерлердің мүдделерін қорғайтын, шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсететін, өңірлік кеңестің жұмысына белсене , заңды және адал қатысатын боламын. Өнеркәсіп мәселелері, проблемаларды шешу және саланы дамыту бойынша ұсыныстар: Президент Жарлығымен Төтенше жағдай мен карантиндік шаралардың енгізілуіне, жолаушыларды тасымалдау және уақтылы қызмет көрсетуі төмендеуіне байланысты, ағымдағы дағдарыстың біздің еңбек ұжымымызға ықпалын барынша азайтуға, жалақыдан есептелетін және ұсталатын салықтарды төлеуден босатуға көмектесетін мынадай қолдау шараларын ұсынамыз: жеке табыс салығы, Әлеуметтік салық, Міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, міндетті зейнетақы жарналары 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін. Дағдарыс кезеңінде салықтық жеңілдік беру мүмкіндігі жұмыс орындарының қысқаруына және қызметкерлердің жұмыстан босатылуына жол бермейді. Қазіргі жұмыссыздық уақытында жұмыскерлерге еңбекақысын көбейтіп, әдеуметтік жағдайын көтеру болып табылады. ШОБ субъектілері үшін жеңілдетілген несиелер беру, осындай несиелер оларға тапсырыстар көлемін сақтауға, сол арқылы жұмыс персоналын жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. - Бизнес тарихы, жетістіктері: «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС Тараз қаласы бойынша ең ірі мекеме болып саналады. «Автопарк №3» АҚ мекемесі 1981 жылдан бері жұмыс жасайды. «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС мекемесі 2004 жылдың қараша айында қайта құрылу жолымен құралған болатын. Жалпы жер көлемі – 4,55га жерді құрайды. Тараз қаласы бойынша бағыттардың 45%-на қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС мекемесінде: 1) қала ішілік 17 автобус бағыттарында қызмет көрсетеді. Жалпы біздің мекемеде 184 кесте саны бойынша жұмыс атқарылуда . Жалпы автобус саны – 200 бірлік. Жыл сайын 20-30 бірлік автобус сатып алынып, қозғалыс құрамы жаңартылып тұрады. Айына карантинге дейін 1 500 000 жолаушы тасымалданатын. Карантиннен кейін 600 000-ден 1 000 000 дейін жолаушы тасымалданатын болды. 2020 жылы қазан айынан бастап Tulpar Card электрондық билет жүйесі еңгізілді. Құрметті сайлаушылар! Мен үшін Бизнестің мүддесін білдіру үлкен жауапкершілік болып табылады, Мен шын жүректен Қазақстанды еліміздің әрбір азаматы шығармашылық әлеуетін іске асыра алатын және Қазақстанды әлемдік деңгейге көтеретін орынға айналдыруды тілеймін. Менің мақсатым-елімізді көру және барлық майданда гүлденген және табысты болуы. Мен Отанымыздың тағдырына немқұрайлы қарамай және ұйымшыл бола отырып, осы мақсаттарға қол жеткіземіз деп сенемін.