ЖАПАРОВА АСЕЛЬ АБИЛХАНОВНА

ФИОЖАПАРОВА АСЕЛЬ АБИЛХАНОВНА
ОрганизацияТОО "ЯСЛИ - САД "АЙШАТАЙ"
ДолжностьРуководитель
ОтрасльОбразование
РегионЖамбылская область

Образование и трудовой стаж / Білімі және еңбек өтілі:

  • Образование / Білімі: Высшее
  • Трудовой стаж / Еңбек өтілі: 13 лет

Программа/план кандидата / Үміткердің бағдарламасы/жоспары:

- Программа/план кандидата / Үміткердің бағдарламасы/жоспары:

Аймақтық кеңеске үміткер ретінде ұсыныла отырып, қаламыздағы жекеменшік білім беру мекемелерінің өзекті мәселелерінің шешілуіне ықпал жасаймын. Бүгінгі таңда, жекеменшік балабақшалар мен мектептер, білім беру орталықтарының мәселелері өте көп болып отыр. Бүткіл әлемді шарпыған пандемия зауалы біздің елді де айналып өткен жоқ. Бизнес саласы айтарлықтай әлсіреді. Күн тәртібінде, кезек күттірмейтін сұрақтардың қордаланып қалғаны белгілі.Кәсіпкерлердің заңды құқықтарың бұзылмауына, сайлаушыларымның бизнес саласындағы кедергілеріңнің заң аясында шешімін табуына ықпал жасаймын. Жас ұрпақты тәрбиелеу үлкен жауапкершілік. Мемлекет тарапынан

қолдау көрсетілмесе көптеген жекеменшік білім беру мекемелері құрдымға кету қаупін мейлінше азайту.

- Проблематика отрасли, пути решения проблем и предложения по развитию отрасли / Өнеркәсіп мәселелері, проблемаларды шешу және саланы дамыту бойынша ұсыныстар:

Жекеменшік білім беру ұйымдарын ашу, жұмы­сын тыңғылықты және талапқа сай ұйым­дастыру, әрбір балаға жауапкер­ші­лікпен қарау – кәсіпкерге, яғни мекеме иесіне жауапты, ауыр міндет жүк­­тей­ді. Осы орайда жақсы істі жаң­ғырта жалғастырып, бұған дейінгі тәжірибелерді ескере отырып кемшін тұстарды анық көрсетіп, жетіспесін толықтырып, ата-ана мен кәсіпкер қызметін үй­лестіріп, балабақшалар, соның ішінде жекеменшік балабақшалар қызметін жан-жақты жаңғырту қажеттігі аңғарылып тұр.
Кәсіпкер жекеменшік білім беру мекемелерін ашып, мойындарына жауапкершілік жүктеген соң, барлық талаптар бойынша жұмыс жасауда. Дегенмен, кәсіпкерлерге әр аймақтың өзіндік жағдайларына байланысты мәселелер көптеп туындауда. Осы орайда менің ұсынысым, меншік түріне қарамастан, жанбасына қаржыландыруды теңестіру. Бұл өте өзекті мәселе. Кадр мәселесін, өзге де туындайтын мәселелерді өз уақытында, оңтайлы шешу үшін осы сұрақ кәсіпкерлер үшін өте маңызды.

- История бизнеса, достижения / Бизнес тарихы, жетістіктері:

2019 жылы «Айшатай» бөбекжай бақшасы» ЖШС құрылып, қазіргі таңда бөбекжай бақша заман талаптарына сай қызмет атқарып, бала тәрбиелеуде.

Құрметті сайлаушы!

Мен үшің еліміздің өркендеп өсуі өте маңызды. Біз тәрбиелеген ұрпақ әлемдік бәсекеге төтеп бере алуы керек. Күн сайын дамып келе жатқан Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы бәрімізді ойландырары сөзсіз. Аймақтық кеңеске үміткер ретінде мен нақты іске асатын міндеттерді ғана негізге аламын. Білімім мен тәжірибемді туған өлкемнің гүлденіп, көркеюіне бағыттаймын. Өз сайлаушыларымның маған жүктеген аманаттарын орындау үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын.


Голосование