7 шілдеде Кәсіпкерлер палаталарының Өңірлік кеңестеріне мүшелерді сайлау басталады.


7 шілдеде Кәсіпкерлер палаталарының Өңірлік кеңестеріне мүшелерді сайлау басталады.

Өңірлік кеңестерге кандидаттардан өтініш қабылдау 7 шілдеде басталады. Құжаттарды офлайн нысанда Кәсіпкерлер палаталарына, немесе онлайн нысанда vote.atameken.kz сайты арқылы тіркеуге болады.

Кандидаттар өңірде тіркелген кәсіпкерлер, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен ӨКП-да аккредиттеуден өткен қауымдастықтардың бірінші жетекшілері немесе қауымдастықтың орындаушы органының мүшелері арасынан сайланады.

Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткер келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болу;
  • өңірдің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді қатысушы болу;
  • кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу;
  • өңірде жария тұлға болу;
  • кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделге ие болу;
  • бизнесінің тарихы оң болуы;
  • әлеуметтік жауапты кәсіпкер болу;
  • облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаты болуы құпталады;
  • заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы.
  • 7-15 шілде аралағында кандидаттарды таныстыру, ары қарай 16-19 шілде аралығында үгіт-насихат жұмыстары басталады, ал дауыс беру онлайн режимде 20-22 шілде аралығында өтеді.

    Облыстық кеңестің 60%-ы облыс орталығындағы кәсіпкерлік субъектілерінен және Өңірлік палатада аккредиттеуден өткен қауымдастық(одақ), өзін-өзі реттеуші ұйымдардан, ал 40%-ы аудандардағы кәсіпкерлік субъектілерінен құралады.

    Толық ақпарат vote.atameken.kz сайтында жарияланған, сондай-ақ сайлау жайында ақпаратты 1432 колл-орталығынан алуға болады.


    сайлау, Атамекен, 2020, өңірлік кеңес

    2020 ж. 2 шілде